21.08.2014
21.08.2014

Назқоңыр

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,

Кел десең неге аяйын аттың терін.

Сарағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

 

Базардан алып келген күміс құман,

Жігітті адастырған қалың тұман.

Арадан қыл өтпестей тату едік,

Біздерге қастық қылған қай антұрған.

 

Һә лә ләкү лиләй !

Лилә ләку лилай!

Һә лә ләкү лиләй! 

Лилә ләку лилай!

 

Ай қабақ,алтын кірпік, қызыл ерін,

Кел десең неге аяйын аттың терін.

Сарағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

 

Һә лә ләкү лиләй !

Лилә ләку лилай!

Һә лә ләкү лиләй! 

Лилә ләку лилай! 

«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»
деп жазған екен.

 

Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» жорналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») жорналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділдә Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұндасамын.Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе «тіпті де мен еместі «Мен» дегенім... өзгенің жан–сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» дейді. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.

Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды ( Тауды өстім, Тау бір аңыз т.б.). Мысалы «Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған».

Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар: «Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсын-ау, қайран жеңген». Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: «О , Муза, маған алыс сөреңді бер, Ғайыптан кел де, мені демеп жібер».

Ол Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырың жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.

Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат» жинағына (1988) әр жылдары жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже», әңгімелері,«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев,Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия, туралы ой толғайды. Ақынның көз тірісінде 3 аударма кітабы (У. Уитмен, «Шөп жапырақтары» (1969); У. Шекспир, «Сонеттер» (1970); Д. Алегерьи, «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімі (1971) ),8 жыр жинағы («Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұыйқтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) ) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир,

Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.

Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, олардың кейбіреуін мынандай етіп жіктедім:

1. Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» және т.б. Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңін сіздерге оқып бергім келеді.

Құмартасың жете алмай,
Қайғырасың сағынып.
Қыл көпірден өте алмай
Қиыласың табынып.
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Өзіңе өзің қас етіп,
Өз отыңа күйерсің.
Өзіңе бал,басқаға у,
Сезімдіге ең қымбат:
Қайғы, сүю, құмарту-
Ең бірінші махаббат.

Менің ойымша бұл өлең жолдары алғашқы махаббатқа арналған және бұл махаббаттың сәтсіздікке ұшырағандығын көрсетеді.

2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.

3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.

4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.

5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Сонымен қатар өздеріңіз білесіз Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.

М.Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда.Мұқағали- өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті. «Алатау, ассалаумағалейкум!» деген өлеңінде :

- Шаруа-ата секілденіп, өміріңді сарып қып,
Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып,

Аман – есен жатырмысың, айналайын жарықтық! - дейтін жан тебіренісі бар. Осындағы «жарықтық» сөзінін кезінде жаман пиғыл көргендер де болған. Алайда тауды кәриядай әулиеге айналдырып тұрған да сол сөз ғой.»

Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз.


Қарасаева Салтанат С.
С.Аманжолов атындағы Гуманитарлық Университетінің студенті
Өскемен қаласы ШҚО
12/04/2012ж

 

» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.


Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты

Мүқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы үлттық мектептеріміз бен Ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда: ...Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Поэзия! Менімен егіз бе едің Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан, Бүлақтардан, бақтардан, алаңдардан. Шырақтардан, оттардан, жалаулардан Сені іздедім жоғалған замандардан... ... Сені іздедім. Ӏздеймін тағат бар ма? Сені маған егіз ғып жаратқан ба? Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғүмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. 

Алматы. Qaznews.kz — Құрметті оқырман, бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Соңынан өлмес мұра қалдырған қазақтың мұзбалақ ақынының жеке күнделігінен алынған жазбаларын ұсынамыз.

27 март 1972 жыл

Шын талантты ақын берерін бергенен кейін, сыйымен өле білгені де жақсы. Алайда таңдамалыларының толық жинағына өзі редактор болғанның да зияны жоқ…

30 март 1972 жыл

«ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ БІР ЖЫЛЫ» (баяндама, ойлар).

«Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті»…

Дүниеге жаңа келгендеймін. Ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезімде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па?… Әлде дер шағы ма екен?!

22 февраль 1973 жыл

…Адамдардың арасында болған алауыздық мені де шарпымай өткен жоқ. «Жұлдыздың» делосын өткізіп беріп, поэзиямды өзім алып қалдым… Әзірге немен тынары белгісіз, барым менің, балам менің, жарым, жақсылығым менің – поэзиям, тек сені сақтап қалсам екен. Сені де өлтіргісі келе ме, қалай?! Олай бала қоймас, егер бола қалса, қалған өмірдің қызығы не маған. Ойлап отырсам, менде бір арман бар екен. Ол – қалайда халқыма жағыну, ұнау соған. Тек соған ғана жасырмай шынымды айтсам деп едім. Халқым, үнімді қалай жеткізем саған?… Айналам тарылып, құрсауланып барады. Жағдай қиын, өте қиын…

Келесі жылы жаңа жинағым жарық көре ме, жоқ па?

Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!

6 март 1973 жыл

…Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек – поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!

20 март 1973 жыл

Құрбы-құрдас, замандастар мен туралы көп-көп қауесет таратады. Біріне бірі айтады, «өзімсініп» өзіме де айтып қалады. Көбісін бояп, бірінен бірі жаңартып айтады, ал мен олардың қай қырымнан қасығысы келіп тұрғанын түсінбейді дейсің бе?.. Түсінем. Бекер обалдары не керек, бәрінің сыйлайтынын да білем. Білем де қоям, қарсы болмаймын, айта берсін, арамдық ойласа, өздерінің басынан артылмасын. Тек менің жұртқа зиянсыз екендігімді түсіне ме, жоқ па?!

Мен үшін дүниенің ең қорлығы – адамның айыбын бетіне басу, оның нашарлығын дәлелдеу. Бұл – бір. Екіншісі – болмайды, жарамайды, жоқ деп айта алмайтыным. Қорлықты осыдан тартып жүрмін. Көңілшектік – менің осал жерім. Сірә, сүріне беретінім де осыдан болар.

Уақыт өз рөлімді маған да бөліп берген, соны дұрыстап ойнап шығу жолында мен де тырбанып бағам, әрине. Демек, мінездегі жасандылық (артистік) маған да бөтен емес-ау…

9 апрель 1973 жыл

Адам өмірінің бақыты – балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені…

25 мая 1974 г.

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. …Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан адам қалыптарында қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!
 
Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені…

1-июнь 1974-жыл.

…Бір кеще отырып алып маған, жорамал қазақ «Алтын адам» туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған «Алтын адам» атты өлеңімді оқып бердім. «Алтыннан қымбат адам қайда?» – дедім әлгіге. Бір нәрсеге ғана көзім анық жетеді: егер ол адам шынында да біздің арты тегіміз болса, ол өзінің де, алтынының да бағасын білген екен. «Алтын адамның» кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер: өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, ал кейінгі ұрпаққа тек алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Маған оның кім екенін, қандай адам болғанын, ана алтын киімді киюге тати ма – соны білу қажет. Сонша алтынды оның қайдан тапқаны маған белгісіз, ал алтынның оңайлықпен табылмайтыны бәрімізге аян. Сондықтан мені дұрыс түсін, қымбаттым, поэзия журналистика емес, ал ақын дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес, алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін ғана поэзия жазуға бола ма?! Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім

24 декабрь 1973 жыл

Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер – мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?! Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? Өзіммен өзім бе?!
Соңғы сөзді айтып өлу керек қой… Қандай сәби едім. О, Тәңірім! Түйсік бере көр, түсінік бере гөр!…

Мұқағали Мақатаев
ШЫҒАРМАЛАРЫ көп томдық толық жинағы IV-том
Құрастырғандар – Л.Әзімжанқызы, Оразақын Асқар.
Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2009.